Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Call-орталығы
8 (71455) 4-99-03
Ұялы телефон: 8-775-030-07-33
Көру қабілеті нашар
Русский язык
Қазақ тілі
Басты бет  / Емхана туралы  / Жаңалықтар
Жас мамандарды медицина мамандарының қатарына қабылдау рәсімі
15.12.2017


2017 жылдың 13  желтоқсан айында  «Қостанай ОАА» КМК – нда  ұйымдастырылған  «Жас мамандарды медициналық қызметкер қатарына  қабылдау» атты салтанатты рәсімі болып өтті.                         

           Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында  біздің ауруханамызда  жас мамандарды  кәсіби мамандық  қатарына қосу дәстүрі   осыдан көп жылдан бері жалғасып келеді.  Жыл өткен сайын   жас мамандардың қатары толуда. Салтанатты рәсім күні олар үшін  үлкен мереке  десек те болады,  өйткені  әрбір адам үшін өзінің еңбек жолының басталуы ең маңызды болып есептеледі.  Ең маңыздысы, әрине ұжымы,  жұмыс  орнының  жағдайы, әріптестер тарапынан және тәлімгерлерінің қолдауы. Биылғы жылы аурухана ұжымына  жеті жас дәрігер  мен  екі орта медициналық қызметкері және екі зертханашы келді: Мичурино дәрігерлік амбулаториясының  жалпы практика дәрігері Шилова Вероника Олеговна, Октябрь дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері Еспанов Айбек Әскерғалиұлы, Заречный дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері Қаппасова Әсел Мұхтарқызы, емхананың учәскелік балалар дәрігері Жарова Аягөз Жәниқызы,  туберкулезге қарсы кабинетінің  терапевт дәрігері  Жұмағұлов Әзіз Әміржанұлы, күндізгі стационар дәрігерлері Нұрғазина Айнұр  Сержанқызы мен Гусейнова Гюльвара Аллахвердиқызы, емхананың медбикесі Адиятова Гауһар Данилқызы, әйелдерге кеңес беру  акушеркасы Молдахаликова Ұлпан Еркінқызы,  клиникалық-диагностикалық  зертхананың  зертханашылары  Аксенова  Юлия Анатольевна мен Шәріпова Ақжібек. «Қостанай ОАА» КМК   Бас дәрігері  Өтебекова Б.Б. салтанатты рәсімді аша отырып, жас мамандарды құттықтады. Бас дәрігердің  емдеу ісі жөніндегі  орынбасары Н.Ф. Шелудько өзінің құттықтау сөзінде: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында,  жас мамандарды  кәсіби мамандық  қатарына қосу дәстүрін жыл сайын өткіземіз. Үнемі көмекке дайын болу  - ауқымды күш-жігерді,  қуаттылықты, аңғарымпаздықты талап ететін  медицина саласы жас мамандардың өмірлік ұстанымы болуы керек. Сіздер, қоғамның  басты құндылығы болып саналатын  – денсаулықты сақтаушылар   және қолдаушыларсыздар. Сіздер, адам өмірін сақтап қалу үшін кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңізге байланысты болмақ. Медицина қызметкері мамандығы үшін мереке және демалыс күндері болмайды және сіздерден үлкен сабырлық пен батылдықты талап етеді!». Жас мамандарға ақ тілегін айтқан  бас мейірбике                       Н.А. Коновалова:  «Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – адам өмірі мен денсаулығы үшін күрес.  Жер бетінде адамдарға өте қажетті  мамандықтың бірін - сіздер таңдадыңыздар, сіздердің міндеттеріңіз – сырқаттанған адамға аурумен күресуге көмектесу,  оған үміт отын ұялату және  қалыпты өмірге  қайта оралу үшін  күш беру.  Біздің ауруханамызға келген  жас мамандардың таңдаған мамандықтарыңыздан көңілдеріңіз қалмай, түңілмей өз тәлімгерлеріңізге лайықты болатындарыңызға сенімдіміз!». Содан соң, жұмыс істеп үлгерген жастарды  бөлімше қызметкерлері таныстырды. Емхана, терапевтік және  балалар бөлімшесі, күндізгі стационар, клиникалық- зертханалық зертхана, Заречный және Октябрь  дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері дарындылық жағымен танылды. Жаңадан келген  жас мамандарға тәлімгерлері -  емханалық ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары  А.Б. Төлебаева, терапия бөлімшесінің меңгерушісі В.А. Финк, Заречный ДА аға дәрігері Г.Н. Байғабылова,  клиникалық-диагностикалық зертхана меңгерушісі И.И. Фомина, аудандық балалар дәрігері Джандырова А.Г., Мичурино ДА аға дәрігері  Загибалова И.М.,  акушер-гинеколог  дәрігері Горячая Т.В., арнайы көмек беру бөлімшесінің аға мейірбикесі В.Г. Яцына, Октябрь ДА аға дәрігері Быба В.Н. атынан жылы лебіздер айтылды: «Бүгін сіздер үлкен ұйымшыл ұйымның бір бөлігіне айналдыңыздар, өздерің таңдаған мамандықтың жауапкершілігі мен қиындығын сезіндіңіздер! Біреудің қайғысына, ауыртпалығын сезіну білу керек. Сіздің жандарыңыз бен  жүректеріңіз,  ақ халаттарыңыз секілді таза, кіршіксіз болуы керек. Сіздер таңдаған мамандықтың негізі болып  ұстамдылық пен шыдамдылық есептеледі, медицина осы аталған қасиеттерден тұрады».  Мамандыққа адал болуға салтанатты ант берілді, жас мамандарға тәлімгерлердің аманатымен сертификаттар және сыйлықтар ұсынылды.

 

                                                                                                                   «Қостанай ОАА» КМК

Бас мейірбикесі Н.Коновалова


Біз әлеуметтік желілердеміз
Call-орталығы: +7 (7124) 4-99-03
Қолдау қызметі: +7 (71455) 49911, +7 775 020 4311
 
г. Тобыл, м-н Дорожник 11/1
Пн-Пт с 08:00 до 20:00
Сообщение сайта
Закрыть