Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Call-орталығы
8 (71455) 4-99-03
Ұялы телефон: 8-775-030-07-33
Көру қабілеті нашар
Русский язык
Қазақ тілі
Басты бет  / Емхана туралы
Емхана туралы

Ауданымыздағы "Қостанай АА" КМК  емханасы ескі ғимаратта орналасқан.  "Қостанай АА" КМК  құрамына 11 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік –акушерлік пункт, 34 медициналық пункт кіреді. Емхана Қостанай ауданының тұрғындары мен Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттеріне қызмет етеді.

Бүгінгі таңда, емханада зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық және функциялық зерттеу (ЭКГ, ГДС) жұмыстары орындалды. Амбулаторлық-емханалық қабылдаулар емханада және үй жағдайында қабылданады. Емханада және үйде ем-шаралар жасалынады. Емханада физиотерапиялық емделу, сондай-ақ, күндізгі стационарда емделу жүргізіледі.

Емхананың жұмыс кестесі – сағ.08.00-ден сағ. 20.00-ге дейін аптасына 5 күн, сенбі күні – сағ. 08.00-ден сағ. 14.00-ге дейін жұмыс істейді. Дәрігерлерді үйге шақырту жұмыс күндері - сағ. 08.00-ден сағ. 18.00-ге дейін. Күндізгі стационарда емдеу аптасына 6 күн жүзеге асады.

Ересек тұрғындарға тіркеу бөлімі ғимараттың 1 қабатында, ал балаларға арналған тіркеу бөлімі ехананың 2 қабатында орналасқан. Тіркеу бөлімі 2 қалалық телефон нөмірімен қамтамасыз етілген. Емделушілерді қабылдауға жазылым жеке жазылу тәртібі арқылы, телефонға хабарласу және тіркеу бөліміне келіп тіркелу арқылы жүзеге асады. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қолжетімділігін көтеру мақсатында, емхана сайтына күндіз-түні онлайн тәртібінде жазылу қарастырылды. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету тәртібі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асады.

Бірнеше жыл ағымында емхана қызметінің көрсеткіші облыс ішінде ең үздік емхананың бірі болып танылды, сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыстарды орындады, жергілікті тұрғындарға скринингтік тексерулер жүргізілді, ерте кезеңде ауруларды анықтау шараларын орындады. Бірнеше рет кәсіпорын, облыстық байқауларда жүлделі орындарына ие болды. 

Кәсіпорынның ұжымында – 553 қызметкер, соның ішінде 68 дәрігер, 261 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Санаты бар мамандардың үлестік салмағы – 50%, соның ішінде 30% жоғары санатты мамандар. Соңғы жылдары кәсіпорын есебінен емхана қажеттілігіне сәйкес, қайта дайындалу (біріншілік мамандану) 4 дәрігер екінші дәрігерлік мамандық алды.

Емхана туралыСтратегиялық жоспарКорпоративтік басқаруАлғысБос орындарБейнероликтерЖаңалықтар
Емхана туралы Көбірек
Біз әлеуметтік желілердеміз
Call-орталығы: +7 (7124) 4-99-03
Қолдау қызметі: +7 (71455) 49911, +7 775 020 4311
 
г. Тобыл, м-н Дорожник 11/1
Пн-Пт с 08:00 до 20:00
Сообщение сайта
Закрыть