4-16 ақпан қатерлі ісіктің алдын алу апталығы.
Онкологтардың пікірінше, ерлер арасында қуық асты безі, өкпе, бронхтар мен трахея, ал әйелдер арасында сүт безі мен жатыр ісігі жиі кездеседі. Тері қатерлі ісігі барлығына бірдей жиі кездеседі.
4 ақпанда дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін атап өтеді. Оның негізгі міндеті – қоғам назарын қатерлі ісік мәселесіне аудару, халықтың хабардарлығын арттыру, ерте диагностикаға ынталандыру.
Окологиялық аурулардың алдын алуда аурудың ерте сатысын дер кезінде анықтауды жеткілікті түрде қамтамасыз ететін клиникалық тексерудің маңызы зор.
Қатерлі ісіктерді ерте анықтау мақсатында медициналық тексеру аясында скринингтік тексерулер енгізілді.
Аурулардың ең жақсы алдын алу – салауатты өмір салтын ұстану!
Скринингке біздің емханаға келіңіз:
Тобыл, Дорожник шағын ауданы, 11/1
Анықтамалар мен жазылу үшін телефон нөмірі:
8-(71455)-4-99-03,
8-775-030-07-33, 8-(771)-028-54-58