Қостанай облыстық ауруханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Баяндаманы бас дәрігердің міндетін атқарушы – Шелудко Николай Федорович жасады.
Шараның басты тақырыбы сыбайлас жемқорлықпен күрес болды. Бұл біздің демократия мен даму жолындағы ізденісіміздің маңызды бөлігі болып табылады және ол әсіресе баяндамалар мен талқылауларда көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал адамдар қоғамның дамуы мен өркендеуінің кепілі екенін атап өткен сөзіне ерекше тоқталды.
Осы айтулы мереке қарсаңында Қостанай облыстық ауруханасының ұжымы барша тұрғындарға денсаулық пен амандық тілейді. Азаматтық қоғамның белсенді рөлінсіз және құқық қорғаудың тиімді жүйесі болмаса, Конституция жұмыс істемейді.
Өмір жолымыз әділдік пен адалдық ұранымен нұрлы болсын. Өйткені, осындай қоғамда ғана елің үшін қуаныш пен мақтаныш сезімін шынайы сезінесің!