DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қазақстандықтар үшін қолжетімді болды – енді оның функционалдығы қолданушыларға дәрілік заттарға жағымсыз реакциялар туралы өз бетінше хабарлауға мүмкіндік береді.
Дәрілік заттардың жанама әсерлеріне хабарлама карталарын немесе «сары карта» деп аталатындарды жіберу мүмкіндігі қазақстандықтар үшін қолжетімді дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылауға көмектеседі.
Хабарлама картасын тапсыру үшін сізге «Сары карталар» бөлімін ашып, хабарлама жіберуші, пациент және дәрі туралы ақпаратты толтыру, сондай-ақ кері байланыс және қажет болған жағдайда түсіндіру үшін байланыс деректерін көрсету керек, содан кейін «Жіберу» түймесін басыңыз.
Мобильдік қосымшадағы жаңа функция дәрілік заттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесі мен фармацевтикалық нарыққа қатысушылармен, оның ішінде ақпараттың негізгі көзі ретінде халықпен өзара әрекеттесу үшін тиімді құрал болады.
Қолданба деректер базасына шамамен 18 000 дәрі-дәрмек енгізілді, оның ішінде 6 500-де баға шегі бар.
Бүгінгі күні DariKZ сайтында ең көп қаралған дәрі - парацетамол, ол 34 мыңнан астам рет қаралған.
DariKz екі платформада жұмыс істейді: Android және IOS мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде. Мобильді қосымшаны Google Play және AppStore дүкендерінен мүлдем тегін жүктеп алуға болады. Осы уақытқа дейін қосымшаны 135,5 мыңнан астам қолданушы жүктеп алып, пайдаланған.
Android - https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari
iOS - https://apps.apple.com/kz/app/darikz/id1518808783