Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Call-орталығы
8 (71455) 4-99-03
Ұялы телефон: 8-775-030-07-33
Көру қабілеті нашар
Русский язык
Қазақ тілі
Басты бет  / Емхана туралы  / Жаңалықтар
Жас мамандарды медицина мамандарының қатарына қабылдау рәсімі
23.12.2019
2019 жылдың 20  желтоқсан айында  «Қостанай аудандық ауруханасы» КМК – нда  ұйымдастырылған  «Жас мамандарды медициналық қызметкер қатарына  қабылдау» атты салтанатты рәсімі болып өтті.                          
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Жас мамандарды медициналық қызметкер қатарына  қабылдау» дәстүрі   осыдан көп жылдан бері жалғасып келеді. Жыл сайын   жас мамандарды аурухана ұжымы үлкен отбасының мүшесі ретінде қабылдайды. Әр адам үшін жаңадан басталған еңбек жолы, тәлімгердің тәжірибесі, қолдауы және ұжымның жұмысы өте маңызды рөл атқарады. Биылғы жылы да аурухана ұжымы 9 дәрігер мен 7 орта медициналық қызеткерлерімен толықты. Олар: балалар дәрігерлері Мармарино Виктория Владимировна, Хапур Жанар, терапевт дәрігерлері Мальгаева Айгерим Сарсенбаевна, Едрисов Салимжан Ергалиевич,  Назкеев Ануар Сабыржанович, хирург дәрігері Тұрлыбек Айдос Мұхитұлы, жалпы практика дәрігерлері Искакова Жанна Нурхановна, Сугурова Асем Минайдаровна, Тлесбаева Динара Адильевна, мейірбикелер Сатпаева Диана Сериковна, Головина Гульмира Жанатовна, Клышбаева Индира Актасовна, Кабыкенова Карлыгаш Багытбековна, Жумагужина Сания Маратбековна, Кудабаева Карина Александровна және  фельдшер Ерболат Сайрангул.
        Бас дәрігердің міндетін атқарушы Шелудько Николай Фёдорович  салтанатты рәсімді аша отырып, жас мамандарды құттықтады. Жас мамандарға еңбек ардагерлері, офтальмолог дәрігер, еңбек өтілі 49 жыл Малык Татьяна Александровна, терапия бөлімшесінің меңгерушісі, еңбек өтілі  43 жыл Финк Вера Андреевна және алдын-алу бөлімшесінің меңгерушісі, еңбек өтілі 37 жыл  Өтебекова Бақытгүл Базарбайқызы жастарға тілектерін білдірді. Олар бүкіл еңбек жолын Қостанай ауданының халқын сауықтандыруға арнады. Ары қарай, бөлімше қызметкерлері өз қызметін атқарып жүрген жас мамандарды таныстырды. Емхана, күндізгі стационар, Заречный, Октябрь және Садчиковка дәрігерлік амбулаторияларындағы медициналық қызметкерлер өз өнерлерін көрсете білді. Көп жылдық дәстүр бойынша, жас медициналық мамандар «Қостанай аудандық ауруханасы мамандарының антын» айтты. Ант сөздерін оқу невропатолог дәрігері Жадько Надежда Сергеевнаға берілді.  Жас мамандарға, емхана жұмысы жөніндегі  бас дәрігердің орынбасары Төлебаева Айман Байбосынқызы, терапия бөлішесінің меңгерушісі Финк Вера Андреевна,  емхананың бас мейірбикесі Шадрина Марина Викторовна жылы лебіздерін білдірді. Жас мамандарға тәлімгерлердің тілектерімен жазылған сертификаттар, және сыйлықтар ұсынылды. Жастар атынан жауап ретінде жас маман, хирург  дәрігер  Тұрлыбек Айдос Мұхитұлы  Қостанай  аудандық ауруханасы ұжымына, өзінің кәсіби міндетін адал орындауға, уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге, науқастарға жылылықпен, адамгершілікпен қарауға  серт берді. Жас мамандар өз тәлімгерлеріне алғыс айтып, сыйлықтар және гүл шоқтарын ұсынды.



                    «Қостанай аудандық ауруханасы» КМК Бас мейірбикесі  Коновалова Н.А.
Біз әлеуметтік желілердеміз
Call-орталығы: +7 (7124) 4-99-03
Қолдау қызметі: +7 (71455) 49911, +7 775 020 4311
 
г. Тобыл, м-н Дорожник 11/1
Пн-Пт с 08:00 до 20:00
Сообщение сайта
Закрыть