Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Call-орталығы
8 (71455) 4-99-03
Ұялы телефон: 8-775-030-07-33
Көру қабілеті нашар
Русский язык
Қазақ тілі
Басты бет  / Науқастарга  / Вакцинация
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда
15.03.2021

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.  ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.

Вакцина Ресей Федерациясы шығарған Гам-КОВИД-Вак немесе «Спутник V» деп аталады.

Вакцина коронавирустық инфекцияға қатысты гуморальды және жасушалық иммунитеттің қалыптасуын ынталандырады. Вакцинаның жарамдылық мерзімі: 6 ай. Вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: алдымен I компонентімен 0,5 мл дозада, содан кейін 3 аптадан кейін (вакцинация күнін есептемегенде 21 күн) - II компонентімен 0,5 мл дозада; бұл ретте II компонентпен 21 күнге вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне тұспа-тұс келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар), келесі 7 күн ішінде екпе жүргізуге жол беріледі.

Бүгінгі күні аудандық ауруханада 60 адам егілді, оның 46 – сы медицина қызметкерлері, 14-і мұғалімдер, асқынулар жоқ.

Қостанай ауданы бойынша барлығы 1120 адам жоспарланған.

Контингенттер бойынша: медицина қызметкерлері - 310 (стационарлық көмек көрсететіндер-118 адам, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететіндер – 192), мектеп педагогтері - 271 адам, ООО қызметкерлері - 48 адам, ДДУ қызметкерлері - 182 адам, мектеп – интернат персоналы - 11 адам, КРЦ персоналы – 3 адам, әкімдік қызметкерлері - 255 адам. СЭС қызметкерлері - 5 адам, басқа ұйымдардың қызметкерлері-35 адам.

Біз әлеуметтік желілердеміз
Call-орталығы: +7 (7124) 4-99-03
Қолдау қызметі: +7 (71455) 49911, +7 775 020 4311
 
г. Тобыл, м-н Дорожник 11/1
Пн-Пт с 08:00 до 20:00
Сообщение сайта
Закрыть