Размер шрифта

Цветовая схема

Межбуквенный интервал

Изображения

Call-орталығы
8 (71455) 4-99-03
Ұялы телефон: 8-775-030-07-33
Көру қабілеті нашар
Русский язык
Қазақ тілі
Басты бет  / Науқастарга  / Әлеуметтік медициналық сақтандыру
Шала туған балалар
17.04.2023
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША СӘБИ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТУЫЛАДЫ?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша, 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 300 мың сәби дүниеге келген. 16 мыңнан  астамы мерзімінен бұрын туылған.
Орташа алғанда, елімізде жыл сайын 22 мыңға дейін «асығыс сәбилер» дүниеге келеді, бұл барлық жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 4,9-5%-ын құрайды. 
Дүние жүзінде жылына барлығы 15 миллион шала туылған нәресте туылады. Өкінішке орай, үштен бірі ғана 3 жасқа дейін өмір сүреді.
Қазақстанда неонатологтардың үйлесімді жұмысының, олардың құзыреттілігінің, отандық орталықтардың жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілуінің арқасында дүниеге ерте келген сәбилердің өмір сүруін 70-80% - ға дейін арттыруға мүмкіндік туды.
Мұндай көрсеткіштерге Қазақстан 2008 жылы қосылған шала туылған балаларды күту жөніндегі ДДҰ бағдарламасының арқасында қол жеткізілді. Осылайша жүктіліктің 22-ші аптасында дене салмағы 500 грамм немесе одан да көп алты айдан бастап туылған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды.
Дене салмағы экстремальді төмен және аз болып туылған балаларға (2500 г-нан аз.), дереу перзентханада шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі, содан кейін жедел емдеу ең ерте мерзімде қолға алынады.
Ауруларды ерте диагностикалау мақсатында барлық жаңа туған нәрестелерге метаболизмнің тұқым қуалайтын ауруларын ертерек анықтауға бағытталған және фенилкетонурия мен туа біткен гипотериозға тексеруді қамтитын неонаталдық скрининг жүргізіледі.
Ерте жастағы (6 жасқа дейін қоса алғанда) балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау мақсатында психофизикалық дамудың бұзылуын ерте анықтауға, балалардың көру және есту функцияларын бағалауға, коммуникациялардың бұзылуына бағытталған аудиологиялық скрининг, психофизикалық скрининг жасалады.
Мұндай профилактикалық тексерулермен жыл сайын 3,1 млн - нан астам бала, скринингтік зерттеулермен-1,6 млн-нан астам ерте жастағы балалар қамтылады.
Жаңа туған нәрестеге туғаннан кейінгі алғашқы күндерде уақтылы медициналық көмек көрсету үшін 39 перинаталдық орталық және 2 республикалық деңгейдегі босандыру ұйымы қарастырылған. 
Сонымен қатар, ата-аналарға ерте жастағы балаларды күту мәселелері бойынша кеңес беру үшін 1,5 мыңға жуық баланы ерте дамыту кабинеті жұмыс істейді.




Біз әлеуметтік желілердеміз
Call-орталығы: +7 (7124) 4-99-03
Қолдау қызметі: +7 (71455) 49911, +7 775 020 4311
 
г. Тобыл, м-н Дорожник 11/1
Пн-Пт с 08:00 до 20:00
Сообщение сайта
Закрыть